Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта жартылай финалдар аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған салмақ бойынша сынға түскен қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда қарсыласына жол берді. Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жарақаттануына байланысты тоқтатылып, жеңіс АҚШ өкілі Ричард Торреске берілді.
Нәтижесінде, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.