Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірлік Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысты, отырыста туризмді дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы республиканың перспективалы туристік өңірлерінің ондығына кіреді. Мемлекеттің қолдауымен өңірде бірқатар туристік жобалар табысты жүзеге асырылуда. 2020 жылы облысқа 160 мың турист келді. Биыл 1 жартыжылдықта Маңғыстауға келген туристер саны 139 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1 есе көп.
Жиында Қоғамдық кеңес мүшелері туризмді дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты. Нұрлан Ноғаев жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
- Мемлекеттік органдар туризмді дамыту аясында бизнес субъектілеріне әкімшілік қолдау көрсететін болады. Бұл саланы дамытудың маңызды факторы кәсіпкерлер арасындағы адал бәсекелестік. Халық арасында сұранысқа ие болатын тың жобаларды әзірлеп, іске асырыңыздар, - деді облыс әкімі.