Ақтау қаласындағы 4-ші өндірістік аймақ 20 учаскіде ашық алаңда жатқан жарамсыз көлік дөңгелектерінің қалдықтары жанып кетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өрт шамамен 200 шаршы метрге дейін жерді жалмаған. МО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Өрт сөндіру жұмыстарына барлығы 21 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ - 14 қызметкер және 5 өрт техникасы, Ақтау қаласының ТЖБ – 2 қызметкер, Экология Департаменті – 2 қызметкер, Ақтау қаласының әкімшілігі – 1 қызметкер, 1 жүк тиегіш трактор, Мұнайлы ауданы әкімшілігінен 2 қызметкер және 2 техника (су тасымалдаушы).
Өрт болған жерді қоршауға Полиция департаментінен 8 бірлік техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА