Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтты деп жазады Olympic.kz.
Қамшыбек 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын.
Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді.
Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы - Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов.
ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК