Жуырда Маңғыстау облыстық ауруханасында «Б» блогы уақытша жабылып, оның орнына инфекциялық стационар ашылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде МО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлім етті.
Оның айтуынша, облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күрт өскендіктен аурухана жанынан қосымша инфекциялық стационарды құру туралы шешім қабылданды.
«Маңғыстау облыстық ауруханасындағы 995 төсек орын коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған. Жаңа стационар қазір жұмысын бастап кетті. Ондағы дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың қоры жеткілікті», - деді Ләззат Есенғалиева.
Айта кетейік, жаңадан жұмысын бастаған стационар медицина қызметкерлерімен, қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген.