Бақылау кеңесінің шешімі негізінде Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның бұйрығымен Жарас Байғожаев Ақтау қалалық №2 емханасының директоры қызметіне тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны басқарма басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева таныстырды.
Жарас Байғожаев 2008 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
2008 – 2009 жылдары аталмыш оқу орнында интернатураны "хирург дәрігері" мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын Маңғыстау облыстық ауруханасында 2009-2012 жылдар аралығында хирург-дәрігері лауазымынан бастаған. Медицина саласындағы жалпы жұмыс өтілі 10 жылдан асады.
2012-2019 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ауруханасында шұғыл медициналық көмек бөлімінің қосып атқарушы хирург-травматолог дәрігері лауазымын атқарды.
2012 жылдың наурыз айында Ақтау қалалық емхана №2 емханасының хирург-дәрігері қызметіне қабылданып, 2012 жылдың шілде айында дәрігер-рентгенолог қызметіне ауыстырылған.
2017-2018 жылдар аралығында Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының арнаулы медициналық жабдықтау облыстық базасы директорының міндетін атқарушысы болды.
2019 жылдың маусым айынан бастап сәуле-диагностика бөлімшесінің меңгерушісі лауазымына қабылданды.