Маңғыстау облысының полицейлері сауналарда оңтүстік өңірлер мен Өзбекстанның 21-42 жас аралығындағы 16 тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Polisia.kz-ке сiлтеме жасап.
Қыздар Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасына жеткізілді.
Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері ЖҚАЖ қызметкерлерімен бірлесіп Жаңаөзен қаласында карантиндік режимді бұзу фактілерін анықтады. 5 тамызда шамамен сағат 23.20-да вокзалдың жанында карантин режимінің шектеулі шараларына қарамастан жұмыс істеген сауна анықталды. Полицейлер әкімші мен жеті қызды ұстады.
Біраз уақыттан кейін сағат 23.40 шамасында Шаңырақ шағынауданындағы саунада әкімші мен алты қыз ұсталды.
Түнгі сағат екі шамасында Астана шағын ауданында орналасқан “Рахат” саунасы да анықталды. Әкімшісі мен үш қыз ұсталды.
Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, тексеру барысында қыздар моншаға келушілерге интимдік қызмет көрсеткен.
– Жеткізілген барлық қыздар “жезөкшелік” санатына есепке қойылды. Ұсталғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Олар бойынша материалдар Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді, – деді полиция басшысы Ж. Бақтыбаев.