Биыл өңірде 961 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
[ 2019 ] 26 қараша, 07:39 | Жаңалықтар
Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның мәлімдеуінше, тұрғын үйлерді қолданысқа беру «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылғандарға баспаналы болуы үшін тұрғын үй сертификаттарын беру шарасы да сәтті жүзеге асып жатқанын да айтты.
"Қазіргі таңда облыста құны 22 миллиард теңгені құрайтын 32 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалардың негізгі мақсаты – тұрғындарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедек балалары бар, көпбалалы аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар) қолжетімді баспанамен қамту", - деді Серікбай Трұмов брифингте.
Аймақ басшының айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында облыста құны 87 миллиард теңгені құрайтын 935 жоба жүзеге асқан. Ал биыл 4 млрд. теңгеге 170 жоба субсидияланған. Осы жұмыстар нәтижесінде 5000-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылып, 13 636 жұмыс орны сақталған.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
1109
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.