• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 29 Шілде 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда тематикалық саябақ ашылды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Вакциналар неліктен екі компоненттен тұрады?...

Не себепті вакцина салдыру қажет?...

Бас санитардың жаңа қаулысы: Міндетті вакцина мерзімі бекітілді...

  • USD: 424.64 ₸
  • EUR: 501.63 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

Маңғыстау облысының экономикалық дамуы соңғы үш жылда 3,7 пайызға өсті

[ 2019 ] 26 қараша, 07:40  |  Жаңалықтар

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының экономикалық дамуы соңғы үш жылда 3,7 пайызға өсіп, өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2.4 трлн теңгеге теңесті. Бұл елімізде өндірілген өнімнің 10%-ы (республикада Атыраудан кейін 2 орын). Облыс өнеркәсібінің 90 пайыздық үлесін тау-кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Ал мұнай өндіру көлемі 15 млн тоннаға жуықтады. Облыс әкімінің баяндамасына сәйкес, жыл басынан бері 2,9% өсіммен биыл өңірге 445 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 29 млрд теңгені құрайтын 10 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 5 жобасы толықтай іске қосылды. Атап айтсақ, «АқтауТеңізПорты» арнайы экономикалық аймағында «Satex Chemi» битум эмульсиясы негізінде гидро-оқшаулағыш материалдар өндіретін зауыт іске қосылды. «BEST-Group NS» ЖШС жел электр стансаларын салу жобасын сәтті жүзеге асырды. Сондай-ақ, өңірдің экономикалық дамуына оң серпін беретін, жалпы құны 1.8 млрд АҚШ долларын құрайтын метанол мен олефин өндіретін зауыт пен Әзербайжанмен бірлескен талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасы қолға алынды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 131 млрд теңгені, ал оның ЖІӨ-дегі үлесі 5,7 пайызды құрады. 2022 жылға жасақталған жоспарға сәйкес бұл көрсеткішті 10-12 пайызға өсіру көзделіп отыр. Бұл өңдеу өнеркәсібінің серпінді дамуына ерекше ықпал етеді деп күтілуде. Өңір басшысының мәліметіне сүйенсек, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 961 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, әлеуметтік аз қамтылған санатындағылар баспаналы болуы үшін тұрғын үй сертификаттарын беру шарасы да сәтті жүзеге асуда. Қазіргі таңда облыста құны 22 млрд теңгені құрайтын 32 жоба іске асырылуда. Бұл жобалардың негізгі мақсаты – тұрғындарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедек балалары бар, көпбалалы аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар) қолжетімді баспанамен қамту. Облыс әкімі келтірген деректерге сүйенсек, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы іске қосылғалы бері облыста құны 87 млрд теңгені құрайтын 935 жоба жүзеге асқан. Ал биыл 4 млрд теңгеге 170 жоба субсидияланған. Осы жұмыстар нәтижесінде 5000-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылып, 13 636 жұмыс орны сақталды. Биыл жеке кәсібін жүргізуге ынталы азаматтарға 2,2 млрд теңгеге шағын несие берілді. Жаңадан іске қосылған 279 жоба аясында 397 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы бойынша 2,2 млрд теңгеге 113 жоба қаржыландырылып, 932 жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға төмендеді. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде 30 мыңнан астам жұмыс орны бой түзеді. Сондай-ақ, Серікбай Трұмов өңірдегі су тапшылығын жою мақсатында «Каспий» су тұщыту» зауытының тәуліктік қуатын 40 мыңға дейін көбейту бойынша құрылыс жұмыстары бастау алғандығы туралы мәлімдеді. Бұдан бөлек, «Кендірлі» аймағында (50 мың т.м), Құрық ауылында (45 мың т.м) және «Қаражанбас» кенорнында (17 мың т.м), барлығы 112 мың текше метрді құрайтын су тұщыту зауыттарын салу жоспарланды. Нәтижесінде ауыз су өндіру көлемін 130 мың текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Өңірде ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші - 69%, жыл соңында 75%-ға жеткізу жоспарланған. (халық санына шаққанда - 93%). Баспасөз мәжілісінде облыс әкімі өңірдің транзиттік және көліктік-логистикалық әлеуетіне ерекше назар аударды. Тоғыз жол торабындағы түбекте тоғысатын магистральды желілер сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайын баяндады. Биыл «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолы қолданысқа берілген. Қазіргі таңда «Жетібай –Жаңаөзен –Түркіменстан» автожолы құрылысы қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ облысішілік жолдарды ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алып келеді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмысына 7 млрд теңге бөлінген. Маңғыстау облысында басымдық берілген саланың бірі – туризм кластері. Осы бағытта қазір Ақтау қаласында түркиялық инвесторлардың (Сембол Контракшн) қатысуымен құны 57 млрд теңге болатын 500 орынға арналған туристік қонақ үй кешенінің құрылысы жүруде. Нысанның 1-ші кезеңі 2020 жылдың соңында іске қосылады (600 жұмыс орны құрылады). Қызмет көрсету саласындағы қажетті мамандар Түркиядағы қонақ үй кешендерінен қазірден бастап арнайы оқытудан өтіп жатыр. Нәтижесінде әлемдік талаптарға сай қызмет көрсететін мамандардың біліктілігі артады. Басқосу барысында Маңғыстау облысының әкімі өңірдегі өзге де өзекті мәселелер жөнінде мағлұмат берді. Кәсіпкерлік өрісін кеңейту, өңдеу өнеркәсібін өрістету, қала келбетін көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту секілді аса маңызды дүниелер сөз болды.
764
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар экономика маңғыстау жаңалықтары анонс
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Биыл өңірде 961 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Келесі жаңалық

Үкіметте еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын тас жолды жаңғырту жұмыстары басталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 11 шілде, 10:59
    1082

    Облыста денсаулық сақтау саласына қазынадан 4 млрд теңге бөлінді

    [ 2019 ] 20 желтоқсан, 05:29
    1739

    Облыс бюджетінің 60%-дан астамы әлеуметтік салаға бағытталады

    [ 2019 ] 20 желтоқсан, 05:07
    1132

    Ескі планшет зауыты енді полипропилен қапшықтарын өндіреді

    [ 2019 ] 29 қараша, 05:54
    813

    Маңғыстау облысының экономикалық дамуы соңғы үш жылда 3,7 пайызға өсті

    [ 2019 ] 26 қараша, 07:40
    765

    Маңғыстаудың іскер әйелдері "Аңыз тұлға" жобасын ұсынды

    [ 2018 ] 8 сәуір, 12:06
    1001

    Рубрикалар

      Редакция газеттеріРухани жаңғыруӘлем жаңалықтарыТүпқарағанЖаңаөзен - 50 жылЖарнамаБайланыс мәліметтеріАстана - 20Редакция туралыҚоғамБіле жүріңізСпорт

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    16 маусым, 18:15
    273

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    509

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    485

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    1132

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    661

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    488

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»