©
- Маңғыстаулықтар ЭКСПО көрмесінің аяқталысымен 20-дан астам жобаны бастады, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Баламалы энергия көздері мен инновациялық технологиялар саласында 20-дан астам жобаны оқушылар мен студенттер қолға алды.
- Бұл балалардың сана-сезімінде үлкен өзгеріс болды десем, артық айтпаспын, - деді Ералы Лұқпанұлы.
Мысалы, осы жобалардың бірі - Жаңаөзен қаласындағы колледжің студенттері жасаған "Ақылды ферма". Бір студент 12 вольттық тоқ беретін электростанциясын байланысты жобаны ұсынып, енгізіп қойыпты. Бір студент "Эко үйді" ұсынды.
Баспасөз конференциясында облыс басшысы Ералы Тоғжанов БАҚ-ына Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, ЭКСПО-2017 xалықаралық мамандандырылған көрмесі Маңғыстау облысына экономикалық диверсификацияға, өндірістік қуаттарды жаңартуға, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға қуатты серпін бергенін айтты.