©
Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында айтты.
Аймақ басшысы ЭКСПО көрмесінде көрсетіліп, Маңғыстау облысында енгізілген жаңа технологияларды, жасыл экономиканың технологияларын, энергияны үнемдейтін элементтерді енгізу жобаларына тоқталды. Атап айтқанда, Қаламқас кен орнында 45 МВт газ турбиналық электр станциясын енгізіледі. Бұл энергия шығынын 8,3 млрд. теңгеге үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ал, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ қазақстандық газ өңдеу зауытын жаңғырту жобасы нәтижесінде апаттар қаупі төмендейді.