- 2016 жылы ҚР-да денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жылы болып табылады. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы өңірлік деңгейде осы бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар жоспарын әзірледі.
Облыста қан айналымы жүйесі ауруларынан (ҚЖА) өлім-жітім төмендегеніне қарамастан, миокард өткір инфарктінен зардап шегетін науқастар саны жылдан-жылға артып келеді. ҚЖА-дан зардап шегетін науқастарда инсульт болған жағдайда, оның 39 пайызы өлімге алып келеді.
Сондықтан жоғарыда көрсетілген жоспарға бірнеше интеграцияланған үлгілерді енгізу көзделген: миокард өткір инфаркті кезінде медициналық көмек көрсету, өткір инсульттарды, онкологиялық ауруларды басқару, халыққа жедел медициналық көмек қолжетімділігін ұйымдастыру.
Жаңаөзен қаласында орталық қалалық аурухана базасында инсульт орталығы ашылатыны белгілі. Оны жарақтауға 119,3 млн теңге жұмсалады. Маңғыстау облыстық аурухана базасында өңірлік инсульттық орталықты қосымша жарақтауға 133,3 млн теңге жұмсалады.
ҚазАқпарат