Жуырда Астана күніне орай «Құрық орта мектеп-гимназиясы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы «Каспий» балалардың жазғы сауықтыру ақшатыры Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен, салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімімен бірлесіп іс-шара өткізді. Іс-шараға «Каспий» ақшатырының тәрбиеленушілері, тәрбиешілер және мекеме қызметкерлері қатысты. Бұл мерекелік іс-шараның мақсаты - күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстану және насихатау, балаларды спортқа баулу,үздік ойыншыларды іріктеу, команданы толықтыру, патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылды. Ақшатырда демалыста жүрген балалар «Ақжелкен», «Толқын», «Аққу», «Шағала» сынды топтарға бөлініп, арнайы спорттық киімдермен қатысты. Топ басшылары кезек- кезегімен мәлімдеме беріп, топтық ұранын, әнін, сертін айтты. Бұдан соң эстафеталық жарыс басталып кетті. Бағдарламаға сай әр топ құрамы үш ұл, үш қыз баладан тұрды.Олар әр кезеңнен: соның ішінде «Менің жазғы демалысым» тақырыбында сурет салу, медициналық алғашқы көмек көрсету, жүзуден жарыс, шеңбер лақтыру, тепе-теңдік жаттығу, арқан тартысудан сайысқа түсті. Шара аясында қатысушылар өрт сөндіру жұмыстарымен, судан құтқару қызметімен танысып, қайыққа отырып теңіз төрінде серуендеді. Іс-шара қорытындысында «Ақжелкен» тобы 1-орынға, «Толқын» тобы 2-орынға, «Аққу», «Шағала» топтары 3 орынға ие болып,алғыс хаттармен түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Майра ТІНЕЙ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30047,30048,30049,30050"]