©
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бойынша жедел кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес отырысына сот төрағасы А.Избасаров, судья Г.Шаров және сот қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны ашқан сот төрағасы Елбасымыз «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отыр. Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО–ның қирандысынан шығып, өз жолымызды бастағанымызда көрініс алған. Екінші жаңғыру «Қазақстан -2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда –Астананың салынуымен басталды. Осының нәтижесінде еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Бұл екі жаңғыру табысты болды және баға жетпес тәжірибе алдық. Енді біз Үшінші жаңғыруды қолға алып, нақты қадам басуымыздың қажет екендігін айтып өтті.
Шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісті.