Маңғыстаулық полицейлер Жаңаөзен қаласындағы құрылыс нысандарын тексеру барысында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 7 азаматын ұстады. Оларға хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жолданған. Бұл фактілер 28 ақпан мен 6 наурыз күндері аралығында өтіп жатқан "Құқық тәртібі" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Шара кезінде есірткі және психотропты затты тарату дерегі анықталды, бұл дерек Жаңаөзен қаласы ПБ СДТБТ-не тіркелді. Сондай-ақ 53 қоғамдық тәртіп бұзушылық, 25 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталып, 20 автокөлік айыптұраққа жабылды. Жүргізушілерді жылдамдықты сақтауға, қауіпсіздік белдігін тағып, жолда мұқият болуға шақырамыз», - дейді МО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Профилактикалық шара кезінде 127 қару иесі тексеріліп, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қолайсыз отбасылар мен есепте тұрған балалардың ата-аналарына түсіндірме жүргізілген. Сонымен қатар бұған дейін сотталған және бас бостандығынан айыру мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, ішімдікке салынған 274 тұлғаға профилактикалық тексеру жүргізілген. «Мақсат – есепте тұрған, кешкі сағат 22.00-ден кейін шығуға тыйым салынған тұлғалардың қылмыс жасауына жол бермеу», - делінген полицияның хабарламасында.
Суреттерді МО Полиция департаменті ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="73856,73859,73857"]