Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Жанбота Алдабергенова қола жүлде иеленді. Шаңғы акробатикасынан сынға түскен спортшы Қазақстанға алғашқы медальді сыйлады деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты olympic.kz-ке сілтеме жасап. Екінші финалда 79,38 ұпай жинаған Жанбота белорусялық Александра Романовская (100,29 ұпай) мен ресейлік Любов Никитинаға (91,29 ұпай) есе жіберді. Тағы бір отандасымыз Аяна жолдас жарысты төртінші болып аяқтаған. Айта кетейік, Жанбота Алдабергенова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенті. 2017 жылы Алматы қаласында өткен универсиадада қола жүлде алған болатын. Былтыр Пхенчханда өткен қысқы Олимпиадаға қатысты.
Сурет olympic.kz сайтынан алынды