Құрметті оқырман, спорт- денсаулық кепілі екеніне келіспейтін адам жоқ десек қателеспесек керек. Осы мақалды Ұран тұтқан адам қай спорт түрі болмасын әр дайым шымыр,сергек,сонымен қатар физикалық тұрғыдан өте белсенді болып жүретіндігі айдан аңық. Денсаулығын әр дайым жақсы күйде ұстауға міндетті, сонымен қатар жұмыс бабында әрдайым сергек және белсенді жүретін Ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін де бұл өте маңызды. Атап айтсақ Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесі, яғни тергеу изоляторы қызметкерлері арасында осы мақсатта мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі А.Х.Иргалиевтың басшылығымен қызметкерлер арасында мини футболдан жарыс өткізілді.
Жарысқа жалпы 3 команда қатысып, 1-ші орынды «Барс» командасы, 2-ші орынды «Ордабасы» командасы, ал 3-ші орынды «Спартак» командасы қанжығасына байлады. Жарыс өте қызықты да, тартысты өтті. Жарыс сонында басшылар тарапынан жеңіске жеткен команда мүшелері сый-сыйапатқа ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
А.Исламов, ГМ-172/10 мекемесі әділет лейтенанты