Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі бұлтартпау шарасын құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулердің ең негізгі бағыты болып келесідей маңызды сұрақтарды жүзеге асырылуы табылады. Бұл біздің еліміздің құқықтық мемлекет боп құрылуы, ол соттың құқықтық реформаларын жүргізу арқылы, қылмыстық-процессуалдық институттарды заңмен реттеуі бір жағынан, қылмыстылықпен күресу жөнінде сот, прокуратура мен тергеу органдарының қызметін нығайту, екінші жағынан, қылмыстық-сот өндірісіне тузету енгізу – үшінші жағынан.
Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғадардың Қазақстан Республикасы Конституциямен әрекет етіп жатқан заңдармен белгіленген, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын мен қағидаларын қабылдауы және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайту. Сонымен қатар, ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай өздерінің адамгершілігін, моральдық этикасын негіздей отырып тұлғаның жасына, жынысына, отбасылық жағдайын және т.б. ескере отырып бұлтартпау шарасын қолдауда бұл мәселелерді жан-жақты толық объективтң түрде зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет. Өйткені бұлтартпау шарасын қолдануда көбінесе дұрыс мән бермеуі салдарымен тұлғаның Конституциялық тұрғыдан берілген құқықтары мен бостандықтары, заңды және жеке мүдделерінің бұзылуына әкеп соғады.
Бұлтартпау шарасы бұл арнайы превентивті-ескерту амалы, қылмыстық өндірістің мүддесін қорғайтын институт. Оның басты мақсаты - қылмыстық іс бойынша шындықты кедергісіз анықтау, кінәлінің жауапкершілігін қамтамасыз ету мен оның қылмыстық байланыстарымен араластыруы үшін, қылмыстық әрекетін қайта жалғастырмауын алдын-алуға бағытталған.
Сондай жағдайда бұл қылмыстық-процессуалдық заңның әділеттілігіне, дұрыстылығына, заңдылығына кепіл бола алады.
Бұлтартпау шарасы - бұл мәжбүрлі түрде әсер етудің тәсілі ретінде айыпкерге, ал қажет болған жағдайда сезіктіге қолданылатын және кылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында кедергі келтіретін теріс қылықты болдырмау үшін қолданылатын занды шара (істің барлық, мән-жайларын анықтау, занды дұрыс қолдану, қылмыстық теріс қылық жасағандарды жазалау және заң бұзушылық жасамағанды жазалауға жол бермеу.
Сот әділдігінің мақсаттарын дұрыс жүзеге асыру үшін, мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып есептелетін бұлтартпау шаралары қолданылады. Қолданылатын бұлтартпау шарасының дұрыстылығы, заңда белгіленгін негіздермен қамтамасыз етіледі, соның ішінде, процессуалдық тәртіппен, прокурорлық қадағалаумен және шараларды қолданудың тәртібі мен шарттарының болуымен.
Мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде бұлтартпау шараларын жүзеге асыру адамдардың жеке басының бостандығын және өзге де құқықтарын шектеуге соқтыратын болғандықтан, ол шараларды қолдану заңдылық принципін қатаң сақтауды талап етеді. Сонымен қатар, ҚР Конституциясы мен Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген басқа да принциптер сақталуға тиісті, соның ішінде, тұлғаның жеке басына тиіспеушілік, қадір-қасиетін құрметтеу, кінәсіздік презумпциясы тағы да басқа принциптер. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес сот үкімі шыққанға дейін сезікті айыпталушы тұлға кінәсіз болып есептеледі. Сондықтан, тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде осыны еске сақтау іс жүргізуші органның негізгі міндетінің бірі болып табылу қажет. Әсіресе, тұлғаны қамауға алу; үйде қамап ұстау, әскери қызметшісін әскери командованиесіне беру шараларын қолданған кезде. Кінәсіз тұлғаға бұлтартпау шарасының қолданылуы, шараның ауырлығы ескерілмеген жағдайда да, мықты моральдық зиян келтіреді; оның қадір-қасиетіне зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан, кез келген тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде, оның қадір-қасиеті құрметтеуге тырысу міндетті жағдай болып саналады, себебі бұлтартпау шарасы, алдын ала тергеу кезінде, іс қозғалғаннан бастап қолданылады, ал тұлға, соттың үкімімен ғана кінәлі деп табылуы мүмкін. Сонымен, қылмыстық іс жүргізуді реттейтін принциптер, бұлтартпау шарасын әділ, дұрыс қолданудың кепілдігі болып табылады.
Тақырыптың актуалдығы немесе өзектілігі. Бұлтартпау шарасы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге бағытталған шара болғандықтан, оны қолдану сұрақтары әр қашан актуалды болып табылады, себебі ҚР Конституциясы адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын негізгі құндылық ретінде бекітіп отыр. Бұлтартпау шарасын реттеу нормалары жеткілікті болғанменен, оларды жүзеге асыру механизмі әлі дұрыс қалыптаспай отыр, оған дәлел – тәжірибе. Осы шешілмеген сұрақтар, зерттеуді талап етеді, ал тақырыпты актуалды деп анықтайды.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы О.Алдабергенова