«Nur Otan» партиясында қоғамдық қабылдау өтті
[ 2019 ] 27 қараша, 07:32 | Жаңалықтар
25 қараша күні «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері, атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүргендігі, денсаулығына байланысты мүгедектікті рәсімдеу, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан жер учаскесін заңсыз рәсімдеу жүргізу жөнінде және өзге де мәселелерді айтты.
Оқи отырыңыз: Сүгір жыраудың немересі Төреғали Төреәліні сотқа бермек
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің МО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Жанназарова азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірме беріп, департамент құзыретіне кіретін кейбір мәселелер бойынша жазбаша өтініштер алды.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің МО бойынша департаментінен алынды
1321
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.