©
Маңғыстауоблысына іс-сапармен келген ҚР СенатыныңдепутаттарыМ.Бортник пен Б.Шелпеков Мұнайлы ауданында болды. Өлкемізден сайланған халық қалаулылары алдымен аудан активі және мәслихат депутаттарымен кездесті.
Кездесу кезінде сенат депуттаттары ауылдарда мал шаруашылығын дамыту керектігін, ол үшін алдымен жайылымдарды реттеп, игерілмеген жерлерді де ескеру қажет екенін айтып, мал шаруашылығын дамытушыларға жағдай жасалғанын да тілге тиек етті. Сонымен қатар, ауданда Басқұдық ауылы мен Қызылтөбе ауылынан мектеп құрылысына, Батыр елді мекенін суландыру жұмыстарына қаржы қарастырылғанын айтты. Маңғыстаудан келіп түскен сұраныстарға көп көңіл бөліп отыратынын, облыстың жақсы болғанын қалайтындарын және басқа облыстармен салыстырмалы түрде қарағанда маңғыстаудың жағдайы өте жақсы екенін де жасырмады. Өткен жылы «100 нақты қадам» жобасы бойынша да бірнеше заңдар қабылданғанын, қазір билікке халықты араластыру мәселесі қаралып, барлық жерлерде қоғамдық кеңестер жұмыс жасап жатыр. Ең бастысы ынтымақпен жұмыс жасауға көбірек көңіл бөлу керектігін айтты.
Аудандық мәслихат депуттаттары сұрақтарын қойып, бірнеше мәселелерді ортаға салды. Аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы ауданда жасалған бірқатар жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы айтып, келген сенат депуттарына алғыс білдірді.
Г. Тасболатова