• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Ауруды жеңген теміржолшы

    [ 2019 ] 23 ақпан, 05:10  |  Қоғам

    ©

    Теміржол газетіндегі аз-кем осы еңбек жолымда түрлі теміржолшымен кездесіппін. Оларды көріп, білген сайын бұрын мен мүлде қалам тербемеген бұл еңбек адамдарының жұмысы қашан да қауырт және қызықты екеніне көзім жете түскендей. Қарапайым жол жөндеушіден бастап басшыларға дейін, қайсысының болса да тамырын баса білсең, сырлы сандықта сақталған маржан сенікі. Тыңдай отырып, жұмысыңа қажеттіден де көбірек дүниені табуға болады. Ең бастысы – теміржолшыға тән болаттай беріктік. Әрине, бұл менімен жолы тоғысқан теміржолшылардың көбі туралы түйгенім. Солардың біразы мақалаларымның қызықты кейіпкерлеріне айналды. Бұл жолы қызықты ғана емес, табандылығы талайға үлгі боларлықтай құпия бір жанның жылдар бүгіп келгені жайлы айтпақпын. Ол – теміржолшы, теміржолшының баласы. Әкесі де, анасы да ширек ғасырлық ғұмырын теміржол жұмысына арнаған жандар екен. Ол - маңғыстаулық теміржолшы Нұркен Қайыров. Оның басына түскен ауыр күндерді ешкімге бермесін. Кейбіреулер сәл сынаққа сүрініп, сынып жатқанда, ол қандай да қиындыққа қасқайып қарсы тұра білген. Өлім қаупімен алыса жүріп, 8 баланың әкесі атанған. Ақыр соңында обыр дертін жеңген. Нұркен аға бүгінде «Вагонсервис» АҚ-ның Маңғыстау телімін басқарады. Аты жаман ауруға мектеп бітірер жылдары шалдыққан. Жігіттіктің жалынды атына мініп, болдым, толдым деп күш-қайраты тасып тұрған шақ емес пе? Жағымсыз жаңалықтың оған оңай тимегені анық. Дерт асқынып, бірінің артынан екінші кедергі келгенде жас жан қалай ғана төтеп берді екен? Соның кесірінен ел қатарлы мектеп бітіру емтиханын тапсыра алмапты. Қазір оның аттестатында сол күннің ащы бір естелігі іспетті «Мемлекеттік емтиханнан босатылған» деген жазу ғана тұр. Жас жігіттің ауруы одан кейін де меңдей берген. Құрдастары секілді ер азамат ретінде Отан алдындағы әскери борышын өтеу де бұйырмапты. Сонда да беріліс жоқ, күреспен алға ұмтылу ғана бар... – Сыныптастарым 1 жылдан кейін әскерден келгенде мені көріп, «Сен Нұркен емессің» деп жеңістік бермеді. Ешқайсысы танымады. Себебі ауру адам танымастай өзгерткен-ді. Дерт жаныма жайылғанда бет-бейнем өзгеріп, бойым бір айдың ішінде 150-ден 170-сантимерге жетті. Оның алдыңғы суреттеріммен салыстырғанда мүлде бөлек адам едім. Обырға шалдыққанымды мектепті тәмамдайтын жылы білдім. Емді ауданның ауруханасынан бастап, Ақтауда жалғастырдым. Қалада 3 ай жаттым. Алматыдағы онкологиялық ауруларды емдеу мекемесіне жіберді. Ол жақта да 3 ай көлемінде түрлі ем-дом жасап, пайдасы жоқ екенін айтты. Мұрыннан тұтқан ауру миға ене бастағанды. Дәрігерлер ата-анамды «дайындалыңыздар» деп үйге қайтарды. Бәрібір үмітті үзбедім. Сол арада еліміз тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік арқасында Ленинградтан маған керек дәрігер өз аяғымен «іздеп» келіпті десе де болады. Сапарының мақсаты – Қазақстандағы әріптестерімен тәжірибе алмасып, сабақ жүргізу, әрі өзінің осындағы ата-анасын көру екен. «Іздегенге сұраған» дегендей, бізге оң түсті. Қаралып, жолдамамен Ленинградта ота жасаттым. Отаның сәтті шыққанына толық кепілдік бермегенімен жақсы өтті деді. Мұндай олардың тәжірибесінде де бірінші рет екен. Әрі қарай менде бір ой болды, жұмыс жасап, жақындарыма көмектесу және үйленіп, ұрпақ өрбіту. Ол үшін өмір суруім керек еді, – дейді бұл туралы Н.Қайыров. Осылайша, Нұркен Нұржанұлы 1990 жылы ауырып жүрген күннің өзінде теміржолға іс жүргізуші болып жұмысқа тұрады. Жұмысты да атқарады, емін де алады, болашаққа сенімін де үзбейді. Сырттай жоғары оқу орнына түсіп, 3 жыл Ақтөбеде, 3 жыл Алматыда вагон шаруашылығы бойынша білім алады. Жары Шолпан Нұрахметовамен бас қосып, отау тігеді. Қазір екеуі 4 ұл мен 4 қыз тәрбиелеуде. Балаларының алды Орынбасар 22 жаста. Осындай әкеден ұлағат алып өскен ұл бүгінде тасымалды ұйымдастыру бағытында теміржол оқуын оқиды және өз кәсібін жүргізеді. – 8 сыныпта әйтеуір бір күні әкемнің орнына, отырған орындығына отырамын деген арман туды. Әкем Нұржан Қайыров сол кезде Бейнеу станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің басшысы еді. Аңсаған мұратыма 2000 жылы жеттім. Дәл сол мекемеге басшы етіп тағайындады. Сонда небәрі 25-26 жастамын. Алдымда жүз шақты адамды басқарудай жауапкершілік тұратын. Бейнеу – тоғыз жолдың торабындағы станция. Жан-жаққа вагон жібереміз. Бір кезекшілікте қазіргідей 10-12 емес, 6-7 адамнан. Жолаушылар тасымалы, вагон деполары бөлек-бөлек мекеме емес, бірге. Суды да, көмірді де береміз, вагондарды да жібереміз. Соның барлығына үлгеріп жүрдік. Енді әрқайсысы өз алдына. Жұмыс оңтайланды. Сондай сәттерде алдымен теміржолда 25 жылдай тер төгіп, бірнеше мекемені басқарған әкемнен, одан кейін бас инженеріміз Құбайдұлла Дузикбаев, қазіргі Маңғыстау вагон пайдалану депосының бастығы Сәрсенбай Есенқұлов, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің басшысы Жұмабек Якубпаев сынды ағаларымнан үйренгендерімнің пайдасы көп болды, – дейді кейіпкеріміз. Ол 2000-2005 жылдар аралығында аталған міндетті атқарса, одан кейін Ақтауға келіп, қаладағы «Каскор-Транссервис» АҚ-да, «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінде шебер, жекеменшік тасымал мекемелері ашылғанда «Құнантранс» ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ «Құнантрансқа» техникалық қызмет көрсеткен «Дансервис» мекемесіне басшы болыпты. Жеке мекемелер өз жұмысын тоқтатқан тұста «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маңғыстау телімінде вагон қабылдаушы жұмысына ауысқан. Өткен жылдан бері «Вагонсервистің» тізгінін ұстайды. 2000 жылға дейін кадр маманының көмекшісі, вагон депосының оператор көмекшісі, слесарь, вагон қараушы, аға вагон қараушы, шебер, механик жұмыстарын істеген.

    Шахида ЖҰМАН

    1929
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам аудан тынысы мұнайлы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жаңаөзендік жас: "Бізде де заманауи ғылымға үйрететін орта бар"

    Келесі жаңалық

    Ақтауда түрлі ұлт өкілі қазақ тілінде көркемсөз оқудан сайысты

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мұнайлы ауданында "Менің атым - Ұзақбай..." атты жыр кеші өтті

      [ 2023 ] 24 сәуір, 17:47
      1884

      “Түнгі қаладағы жасөспірім”: Мұнайлыда 118 құқықбұзушылық анықталды

      [ 2023 ] 13 ақпан, 15:48
      1452

      Мұнайлы полицейлері ұрлық жасады деген күдіктіні жарты сағатта ұстады

      [ 2022 ] 15 қазан, 10:34
      1757

      Маңғыстау облыстық стоматология орталығы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды

      [ 2022 ] 26 мамыр, 12:40
      3716

      Мұнайлыда төрт амбулаторияға жөндеу жүргізіледі

      [ 2022 ] 18 мамыр, 16:17
      2594

      Атамекен ауылында жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

      [ 2022 ] 7 сәуір, 14:05
      2659

      Рубрикалар

        Редакция туралыСаясатБайланыс мәліметтеріДенсаулықРедакция ұжымыҚазақстан жаңалықтарыМаңғыстау жаңалықтарыБейнеуӘлем жаңалықтарыХабарландыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Түбектің құрметті азаматы атанған теміржолшы

      [ 2018 ] 20 желтоқсан, 11:19
      2576

      Салауатты өмір салтын ұстанған отбасы

      [ 2018 ] 16 қараша, 05:10
      1823

      «Маңғыстау теміржолы» үздік атанды

      [ 2018 ] 9 қараша, 07:30
      1840

      Сенат депутаты теміржолшылармен кездесті

      [ 2018 ] 19 қазан, 04:52
      1828

      Еңбек еш кетпейді

      [ 2018 ] 25 тамыз, 07:22
      2442

      Жолсеріктер мигрантты пойызбен заңсыз алып өтпек болыпты

      [ 2018 ] 24 тамыз, 10:36
      1363

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»