• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Сенат депутаты теміржолшылармен кездесті

    [ 2018 ] 19 қазан, 04:52  |  Қоғам

    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бақтыбай Шелпеков пен облыстық мәслихатының депутаты Серікбай Тұрымов, Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев теміржолшылармен кездесіп, Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын жақсарту» атты биылғы Жолдауын түсіндірді.

    Жиын Маңғыстау жүк тасымалы бөлім­шесінде бөлімше директоры Нәжімеден Ғұбашовтың және сала қызметкерлерінің, темір­жолдан шыққан облыстық, аудандық деңгейдегі депутаттардың, аудан активі мен ақсақалдар кеңесі өкілдерінің қатысуымен өтті. Сенат депу­таты Жолдауда Елбасы қамтыған мәселелерге тоқтала келе, өз сөзінде «Қазір бала мектепті бітіріп алады да «Мен қай оқуға барамын?» деп ата­-анасынан сұрайды. Негізінде ол мектептен шықпай жатып, қайда баратынын шешіп қоюы қажет. Колледжде, институтта оқи ма, әлде басқа жерге жұмысқа орналаса ма, алдын ала нақты ойы болуы тиіс. Сондай деңгейге жеткі­зуіміз керек.

    Ал енді денсаулық сақтау саласын  алсақ. Медицина әлем бойынша қарқынды даму­да. Қазақстанда да осы салаға қыруар қаржы бөлінді, тағы да бөлінбек. Қаншама медицина­лық орталықтар салынды. Еліміз қазір бұл бағытта ғимарат, техникалық жабдықталуы жағынан алда. Тек мәселе – адамда. Дәрігер­лердің деңгейінде. Жолдауда Президент жа­ман ауруға байланысты орталық ашу туралы да айтты. Медицинамен бірге енді көп нәрсе адамның өзіне де тәуелді. Спортпен айналысу, өз денсаулығын күту. Жолдауда бұған да көп көңіл бөлінді. Сондай­-ақ «Нұрлы жол» бағдар­ламасымен Қазақстанның орталығынан оңтүс­тікке, солтүстікке, батыс, шығысқа жолдар са­лынуы бәрімізге белгілі. Көпшілік елдің сыртқы қарызы туралы айтады. Мұны неге керек, кейбір елдерде тіпті қарыз жоқ дейді. Бірақ сол қарызы жоқ елдің деңгейі қарызы бар елден жақсы болса, бір жөн. Көбінде қарызы да жоқ, деңгейі де төмен болып тұр ғой. Әңгіме сонда. Ал енді бізде сол қарыз қайда кетеді десек, тоқсан пайызы жол құрылысына жұмсалады. Оның бір қызығын Маңғыстау да көріп отыр»,­ - деп атап өтті. Сондай-­ақ «Өзен-­Түрікменстан» жолаушы­лар пойызы мәселесінің Сенат отырысында көтерілгенін тілге тиек етті.

    Одан соң аудан әкімі Жолдауда қамтылған мәселелердің Мұнайлыдағы іске асу барысы­нан ақпар берді. Қатысушылар да өз сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын ортаға салды. Мұнайлы аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі жаңа теміржолдардың салынып жатқанына ризашы­лығын білдіріп, көкейіндегісін ортаға салды.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Маңғыстау әкімдігіне ұры түсті

    ─ Бұрын Алматыға үш тәулікте әупірімдеп жетуші едік. Тікелей жол салынып, ол уақыт қысқарды. Вагондарды ауыстырғаны да құп­тарлық жағдай. Дей тұрғанмен пендеміз ғой. Жақсы болған сайын одан да артығын қалай­мыз. Енді жүрдек пойыз шығарылса деген же­рімізге қазіргіден де тезірек барсақ. Алматы мен араны жақындатқан жолдың салынғанына екі жылдай болып қалды. Білуімізше, бұл мерзім ішінде жол жүрдек пойыздың жүруіне жарам­ды болуы тиіс,­ - деді ардагер. Бұған Б.Шелпеков жүрдек пойыз мәселесін бұдан екі жыл бұрын қозғағанын айтып, оны жүргізу тәртібі бар еке­нін және оған өзіндік жүйе қажет деген жауап алғанын мәлімдеді. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директоры Нәжімеден Ғұбашов «Екі жылдай жүріп, сіз айтқан сынақтан өттік. Жүк пойыздарын 40 шақырым/cағат, жолаушылар пойыздарын 60 шақырым/cағатпен жүргізетін едік. Бүгінде жүк пойыздарын 60, жолаушы­лар пойызын 80 км/cағатқа көтердік. Соның нәтижесінде жол 78 сағаттан 73­-ке түсті. Тағы да жылдамдық арттырылып, 68 сағатқа жетті. Жал­пы 2019 жылдың аяғында жылдамдық сағатына 80­-90 шақырым дейін барып, пойыздың же­тетін уақыты екі тәулікке шақталады. 53 сағат болып  есептелінген.  Сонда  уақыт бұрыңғы 78 сағаттан 53-­ке дейін төмендейді. Қазірдің өзінде 63 сағатты құрайды. Оны тағы да 10 сағатқа қысқарту алдағы уақыттың жоспа­рында. Бірақ мұның бір кедергісі халықтың көптеп мал өсіретіні, оның жолға шығып қалу мүмкіндігі. Сондықтан кейбір ауыл маңдарынан өткенде пойыздардың жүріс жылдамдығын азайтып отырмыз. Жолдың екі жағасына малға қарсы қойылатын қоршаулар бітпейінше жыл­дамдық 80 шақырым/cағаттан аспайды», - ­деп толығырақ түсінік берді. Сондай­-ақ бөлімше директоры алдағы уақтытта Маңғыстау теміржолында күтілетін жағымды жаңалықпен де бөлісті. «Осыдан жарты жыл бұрын түбектегі вагондарды жаңарту жөнінде айтылып, шешімі болады делінген еді. 2019 жылдың екінші жар­тысына қарай «Ақтөбе-­Маңғыстау», «Алматы­-Маңғыстау» бағыттарының вагондары жаңа және жайлы вагондарға ауыстырылатынын ес­тідік», - ­деді Н.Ғұбашов.

    Сонымен қатар Маңғыстау вагон пайдалану депосының басшысы Сәрсенбай Есенқұлов Құрыққа, Түрікменстанға қатынайтын пойыздар алдағы уақытта бұдан да көбейсе, қазірдің өзінде теміржол өткелінде болатын көлік кептелісі одан да артатынын ойластырып, теміржолды бойлап, жаңа жол салу қажеттігін ұсынды.

    Шахида ЖҰМАН

    1827
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам мұнайлы
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қиыр шығыста - ата рухына тағзым

    Келесі жаңалық

    «Мені Халел қылған – Маңғыстау»

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мұнайлы ауданында "Менің атым - Ұзақбай..." атты жыр кеші өтті

      [ 2023 ] 24 сәуір, 17:47
      1884

      “Түнгі қаладағы жасөспірім”: Мұнайлыда 118 құқықбұзушылық анықталды

      [ 2023 ] 13 ақпан, 15:48
      1452

      Мұнайлы полицейлері ұрлық жасады деген күдіктіні жарты сағатта ұстады

      [ 2022 ] 15 қазан, 10:34
      1757

      Маңғыстау облыстық стоматология орталығы заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды

      [ 2022 ] 26 мамыр, 12:40
      3716

      Мұнайлыда төрт амбулаторияға жөндеу жүргізіледі

      [ 2022 ] 18 мамыр, 16:17
      2594

      Атамекен ауылында жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

      [ 2022 ] 7 сәуір, 14:05
      2659

      Рубрикалар

        КомплаенсМәселеБейнеуРедакцияБіле жүріңізСаясатБайқауӘлем жаңалықтарыТағайындауФотоАнықтама бюросы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ауруды жеңген теміржолшы

      [ 2019 ] 23 ақпан, 05:10
      1929

      Түбектің құрметті азаматы атанған теміржолшы

      [ 2018 ] 20 желтоқсан, 11:19
      2576

      Салауатты өмір салтын ұстанған отбасы

      [ 2018 ] 16 қараша, 05:10
      1821

      «Маңғыстау теміржолы» үздік атанды

      [ 2018 ] 9 қараша, 07:30
      1839

      Еңбек еш кетпейді

      [ 2018 ] 25 тамыз, 07:22
      2441

      Жолсеріктер мигрантты пойызбен заңсыз алып өтпек болыпты

      [ 2018 ] 24 тамыз, 10:36
      1363

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»