• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Түбектің құрметті азаматы атанған теміржолшы

    [ 2018 ] 20 желтоқсан, 11:19  |  Жаңалықтар

    Құрметті теміржолшы, Құрмет орденінің, «Адал еңбегі үшін», «Үздік басшы» төсбелгісінің иегері, Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы Қожахмет Уәзірге Тәуелсіздіктің 27 жылдық тойында өңір басшысы Ералы Тоғжанов «Маңғыстау облысының құрметті азаматы» белгісін тақты.

    Өмірін темір жолға арнаған ардагерге бұл марапат тегіннен тегін табысталмады. Қожекең болат жолдағы еңбекке бел шеше араласқан алғашқы күндерден-ақ бар күш-жігерін саладағы талай толымды істердің басы-қасынан болған жандардың қатарынан десек оғаш болмас. Соның арқасында түбек теміржолына төгілген маңдай тері елеусіз қалмады. Сала басшылығынан, жергілікті биліктен әр жылдары әртүрлі құрмет қошеметке ие болды. Өзі туып өскен өңірдің әлеуметтік экономикалық өркендеуіне лайықты үлесі қосылып, артында өзіндік қолтаңбасы қалды. Бұл марапат та соның бір айғағы.

    Теміржолшылық кәсібін Маңғыстау жол дистанциясында қарапайым жол шеберінен бастаған Қ.Уәзір өзіне тапсырылған онан басқа да бірнеше мамандықтарды ширата әкетіп, түрлі басшылық лауазымдарына дейін көтерілді. Аталған дистанцияда басшының ғимараттар жөніндегі орынбасары, бас инженер, учаске бастығы, бастық, Атырау магистральдық жол бөлімшесінің Маңғыстау аймағы бойынша директорының орынбасары, Қазақстан салалық теміржолшылар кәсіби одағының Маңғыстау теміржол бөлімшесіндегі өкілі болды.

    Қожахмет Шабайұлы басшылық қызметіне кіріскен жылдары теміржолда Р-43 рельсі екен. Шпалдар бір шақырымға 1600 данадан сирек жатқан. Мұндай жолмен ауыр салмақты пойыздардың жылдамдығын арттыруға болмайтын. Осыған орай 1987 жылдан бастап күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алған ол, Бейнеуден Маңғыстауға дейін 440 шақырымды ауыр рельс Р-65-ке ауыстырып, шпалдарды шақырымына 1840 данадан салғызған. Сонан соң пойыз жылдамдығы 40-тан 90-шақырымға көтерілген. Сондай-ақ «Тұрғын үй-91» бағдарламасы бойынша Маңғыстау ауданына қарасты №10 бекетке екі жанұялық сегіз үй, Шетпе станциясына сондай баспанадан үшеуін, Өзенде екі пәтерлі екі, Маңғыстау кентінде сегіз пәтерлі екі қабатты екі үй тұрғызу ісіне мұрындық болыпты. Осылайша қаншама жұмысшының басты әлеуметтік мәселесін шешуге араласқан. Маңғыстау өңірінде дербес теміржол бөлімшесінің ашылуына атсалысып, осы бастаманы көтерген топты басқарған.

     − Кім-кімге болса да кіндік қаны тамған жерінің мұндай атағын алу үлкен мәртебе. Зейнетке шыққаннан кейін адам «Мен еліме, жеріме не істедім?» деп көп ойланады. Жұмыста жүргенде нәпақаңды алдың. Бірақ соған қоса кімге қандай пайдаң тиді? Сенде сондай естеліктер бар ма? - дегенде шүкір «Бар» дей аламын екен. Есіме түсетіні институтта оқып жүргенмін. Әкем үш түйемізді пойыз қағып кеткенін айтты. Ол кезде онан үйге көп шығын келе қоймайды. Арам қатпаса, ауыл-ағайын малды сойып, етін сатып алатын. Дегенмен түйелердің боталары боздап қалды. Сол ойымнан кетпеді. Жалғыз біздің емес өзгелердің де малы солай болатын. Сондықтан теміржолға келгенде бірінші білек сыбана кіріскен шаруа СайӨтестен Маңғыстауға, Маңғыстаудан Өзенге дейін теміржолды қоршату болды. Түйе өтпейтіндей бес қатар қылып сым тартқанбыз. Тағы есімнен кетпейтін бір нәрсе - 1994 жылы ауылдас апаның ҰОС құрбандарына жаңадан орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатында айтқаны. Әкесі мен жақындарының аты жазылған мраморды ұстай жылап, қайта-қайта ризашылық білдіріп «Жұрт ең болмаса әке-шешесінің бейіті басында бата оқиды. Мен осыған дейін жақындарымды еске алуға қайда баруды да білмейтінмін» деген еді. Өйткені оның отбасынан төрт адам соғысқа кетіп, қайта оралмаған. Мен туған Тұщыбекте сондай 78 кісі бар екен. Солардың есімдеріне ескерткіш қою жайлы ауылдың ардагері қолқалаған-ды. Сәті түсіп, қаржы мәселесі де шешіле кетті. Нысанды 1994 жылдың мамыр мерекесінде тапсырғанбыз. Сондай азды-кем жұмысымызды еленіп, облыстың құрметті азаматы атандым. Қартайғанда зейнет бер» дегені осы шығар, - дейді Қожахмет аға.

    Шахида ЖҰМАН

    2575
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Бейнеу әкімдігі желіде тараған зәулім үйдің видеосына қатысты пікір білдірді

    Келесі жаңалық

    Әлеуметтік желі не дейді: өлген түйе және "жер-көктің бәрі - пакет"

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Түбектің құрметті азаматы атанған теміржолшы

      [ 2018 ] 20 желтоқсан, 11:19
      2576

      Жаңаөзендегі апатты үйлер сүріліп, пәтер иелері көшірілуде

      [ 2018 ] 12 қаңтар, 11:18
      1572

      Қазақстандағы 1700 ауылға интернет тартылады

      [ 2017 ] 26 қыркүйек, 06:00
      1526

      Ұлы Абайдың ұрпағы Ақтауда тұрады

      [ 2017 ] 11 қыркүйек, 12:48
      3292

      Әлеуметтік қызметкерлердің І форумы өтеді

      [ 2017 ] 8 қыркүйек, 12:21
      1406

      Жаңа жекеменшік мектеп ашылды

      [ 2017 ] 8 қыркүйек, 10:07
      2690

      Рубрикалар

        МұнайлыБайланыс мәліметтеріСпортДенсаулықӘлем жаңалықтарыҚарақияМаңғыстауЖастар бетіРедакция газеттері

      Автордың басқа да жазбалары

      Ауруды жеңген теміржолшы

      [ 2019 ] 23 ақпан, 05:10
      1929

      Салауатты өмір салтын ұстанған отбасы

      [ 2018 ] 16 қараша, 05:10
      1821

      «Маңғыстау теміржолы» үздік атанды

      [ 2018 ] 9 қараша, 07:30
      1839

      Сенат депутаты теміржолшылармен кездесті

      [ 2018 ] 19 қазан, 04:52
      1827

      Еңбек еш кетпейді

      [ 2018 ] 25 тамыз, 07:22
      2441

      Жолсеріктер мигрантты пойызбен заңсыз алып өтпек болыпты

      [ 2018 ] 24 тамыз, 10:36
      1363

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»