– 1700 ауылдық елді мекеннің 2 миллионнан астам тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізеді. Бұл жайлы ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында айтты, – деп хабарлайды Baq.kz.
"Қазіргі күні Қазақстанның барлық 122 қаласы жəне шамамен 1200 ауылдық елді мекен талшықты-оптикалық желі арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізіп отыр", - деді Абаев.
Ведомство басшысының айтуынша, министрлік болашағы бар 1700-ге жуық ауылдық елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмысын қолға алып жатыр.
"Яғни, бұл 2 миллионнан астам тұрғын сапалы интернетке қол жеткізеді деген сөз. Жобада қамтылатын ауылдардың тізімі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, анықталу үстінде. Жалпы, бұл жоба 2018-2020 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр", - деді Абаев.
Министрдің айтуынша, жоба нәтижесінде 2021 жылға дейін ұзындығы 24 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады.