©
Ақтауда 21-24 қыркүйек аралығында қала күніне орай қызықты шаралар легі ұйымдастырылды. Теңіз жағалауында спорттық ойындар ойнатылды. Қала тұрғындары қазақша күрес, арқан тартысу, асық ату, гір тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат жарыстарын көріп, қатысып, қызу ойынның қызығына қанды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» республикалық акциясы мен жастар флешмобы да қала күніне арналды.
Бұдан бөлек, дүбірлі тойда шұбат ішуден жарыс, бауырсақ тарту сияқты дәстүр жалғасын тапты. Көше спорты саналатын баскетбол 3Х3, Street Workout ұйымдастырылды. 23 қыркүйек күні өткен кешкі концертте "2GIS" компаниясының демеушілігімен 10 қуаттау құрылғысы, 10 планшет, 2 айфон және Peugeot (Пежо) автокөлігі ойнатылды. Сонымен, Пежо автокөлігінің су жаңа иесі - Смағұлова Айнұр Асылбекқызы.
Айта кетейік, биыл Ақтаудың 54 жылдығы тойланды. Маңғыстау облысының орталығы саналатын Ақтау қаласының бұрынғы атауы Шевченко болатын. Қала атауы 1991 жылы өзгерді. Каспий жағасында орналасқан әсем қала - газ бен мұнай өндіретін өнеркәсіп орталығы.
Тағы оқыңыздар: Қазақстандық кикбоксерлер қарсыластарын жеңіп кетті (ФОТО, ВИДЕО) [embed]https://youtu.be/U6cn07CClO0?list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k[/embed]Ақтау қаласы Қазақстанның өзге қалаларынан өз көшелерімен ерекшеленеді. Бұл қалада көше атаулары жоқ. Ақтау көшелері ықшам аудандармен бөлінеді. Қаланың 36 ықшам ауданы бар. Қалалық мекен-жайлар телефон нөмірлерімен ұқсас болып келеді. Мысалы, мекен-жай атауын қысқа 15-25-33 деп атайды. Яғни, 15-аудан, 25-үй, 33-пәтер.
Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36906,36907,36913,36912,36911,36908,36909,36910,36914,36915,36916,36917"]