©
«Жас. Жалын. Жаңғыру» атты І халықаралық жастар форумы аясында кикбоксингтен Маңғыстау облысы әкімінің кубогі сарапқа салынды. «Ұлы дала қаһармандары» деген атпен халықаралық деңгейде өткен жарыста Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекетінің спортшылары кездесті. Бәсекеде ел намысын 54 келі салмақта Ерлан Шағбан, 67 келі салмақта Әлихан Оздоев, 71 келі салмақта Берік Калықов, 75 келі салмақта Алтынбек Жүнісов, 86 келі салмақта Чингиз Ысқақов қорғады.
Екі сағатқа созылған жарыстың қорытындысында қазақстандық команда 4:1 есебімен қарсыластарынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.
[embed]https://youtu.be/gmm_v4kV4LI?list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k[/embed]- Жарыс кикбоксингтің к-1 бөлімі бойынша өтті. Бұл жолы да біздің құрама команданың жігіттері мықтылықтарын дәлелдеді. Тек қана 71 келі салмақта Берік Калықов қарсыласы әзірбайжандық Рамал Аслановтан ұтылып қалды. Осылайша есеп 4:1 болды. Жеңіс қазақстандық команда үлесінде, - дейді «Ұлы дала қаһармандары» халықаралық турнирінің бас менеджері Медет Абджанов.
Тағы оқыңыздар: Ақтау көше шамдарынан қаржы үнемдейдіОдан бөлек теңіз жағалауында жастар арасында «Caspian battle» республкиалық турнирі өтті. Оған брейк-дансты жанына серік еткен 130 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысында бірінші орынды астаналық егіздер Әділет пен Дәулет Анарбековтар иеленді. Екінші орыннан орыннан Салауат Мәжитов пен Мейрамбек Берекешиев көрінсе, үшінші орынға Дамир Курмашев пен Шамил Алишаев тұрақтады.
Сондай-ақ, форумға қатысушы жастар «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде, Шерқалада болып, өлкеміздің көрікті жерлерімен жақын танысты.
Венера МИРЛАН,
Суреттерді және видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36853,36854,36855,36856,36857,36858,36859,36860,36861,36862,36863,36864,36865"]