©
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Бейнеу ауданының әкімі лауазымына Бейнеубек Көңілімқосұлы Әбіловті тағайындады.
Бейнеубек Көнілімқосұлы Әбілов 1975 жылы 16 қаңтарда Маңғыстау облысы, Бейнеу селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары.
1998 жылы Ақтау мемлекеттік университетінде инженер-механик, 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер және 2012 жылы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде инженер-құрылысшы мамандықтары бойынша білім алған.
Бейнеубек Әбілов еңбек жолын 1995 жылы Ақтау қаласы әкімшілігінің Жас-өспірімдер, туризм және спорт істері жөніндегі бөлімнің маманы болып бастаған.
1998- 1999 жж. -кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттігі АҚ-ның Маңғыстау филиалының жетекші маманы болды.
1999 - 2005 жж.- «Шағырлы шөмішті» ЖШС-ң, «Жолаушы» ЖШС-ң, «Каскор-Дикфа» ЖАҚ-ның, «Ремгазмонтаж» ЖАҚ-ның, «Завод пластических масс» ЖШС-ң конкурстық басқарушысы қызметтерін атқарды.
2007 -2011 жж.- Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.
2011 - 2012 жж. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агентігі Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бастығы, департамент директорының міндетін атқарушы болды.
2012- 2015 жж. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымында болған.
2015 осы уақытқа дейін- Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қызметін атқарды.
1992 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бейнеу ауданы әкімінің лауазымын Басшы Әзірханов атқарып келген болатын. Басшы Айжанақұлы облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.