©
"Маңғыстау арена" спорт кешенінде Маңғыстау облыстық самбо федерациясының жүлдесіне арналған самбодан «Ақтау кубогі» халықаралық турнирі кең көлемде ұйымдастырылды.
Турнирге Ресей мен Қырғыз елінен және де Атырау, Ақтөбе, Астана, ОҚО-нан мықтылар жиналды. Әрбір қатысушы - республикалық деңгейде өткен түрлі жарыстардың жеңімпаздары.
Бүгін турнирдің алғашқы күнінде жас айырмашылығы 2001-2003 жылы туылған жасөспірімдер боз кілемде күштерін сынасты.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өткеніне куә болдық.
- 400-ге жуық қатысқан турнирде өлкемізден 200 спортшы өз үлесін қоспақ. Жарысқа қатысушы спортшылардың бәрі де тәжірибелі және кіл мықтылар. Біздің спортшылардың дайындығы өте жақсы. Аталған жарыста жоспарда үлкен жасөспірімдер арасында 5 алтын, кіші жасөспірімдер арасында 4 алтын иеленеміз деген үмітіміз бар, - дейді xалықаралық жарыстың бас төрешісі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Берік Жұмағалиев.
Бір-бірінен асқан мықтылар дес берер емес. Саят Тұқпатов - Атырау облысының намысын қорғауға келген батыр.
- 4 жылдан бері осы спорт түрімен айналысып келемін. 2 кездесу өткізіп, 2-де жеңдім. Ақтық айқасқа жолдама алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, - дейді Саят.
Турнир ертеңде жалғасын таппақ.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР Суреттерді түсірген Ақерке ГАГАРИНҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="50668,50671,50669,50672,50667,50666,50665"]