Әскери қызметкерлерді көрген жігіт қаша жөнелген. Оны Линдор деген лақап аты бар қызметтегі ит ұстауға көмектескен. Бұл туралы ҚР «Батыс» Ұлттық гвардиясының өңірлік командасының баспасөз қызметі хабарлаған.
Lada.kz сайтының жазуынша, күдікті 23 наурыз күні кешке ұсталған. 5548 әскери бөлімі көшелерді патрульдеу мерзімінде күдікті азаматты байқаған.
- Заңбұзушы тәртіп сақшыларын көрген бойда қашқан. Линдор деген лақап аттағы ит ер азаматты қолға түсіруге көмектесті. Күдіктіні кіші сержант Қуат Әбенов, қатардағы Азамат Ерекеев пен ефрейтор Наурызбай Шыназбек №8 мектеп жанынан ізін суытпай ұстап алған. 6,22 грам салмақтағы марихуанаға ұқсас зат тәркіленген. Азамат тергеу мақсатында ІІББ-ға жеткізілді, - делінеді хабарламада.
Айгүл ДӘДЕН