Бүгін Каспийдің Қазақстанға қарасты аумағында заңсыз балық аулап жүрген 4 әзірбайжандық ұсталды. Олар үш моторлы «Байда» қайығымен шекарадан бері асып кеткен.
Тексеріс барысында 4 килограмға жуық балық, үлкен көлемді ау, қармақ, басқа да аулау құралдары табылды.
- Наурыз айының 26-сынан 27-іне қараған түні сағат 12-ден кете бақылау пунктіне беймәлім қайық туралы хабарлама келіп түсті. Сол мезетте қайық анықталған аумаққа бағыт алдық. «Байда» қайығы бізді көрген соң, қаша бастады. Біз қайықтың соңынан қуып, мылтықпен оқ атып, тоқтатуға тырыстық. 2 моторына оқ тиген қайық істен шыға бастады. 30 минут ішінде 4 Әзірбайжан елінің азаматы ұсталды, жарақаттанған ешкім жоқ. Шекараны заңсыз бұзып өткен әзірбайжандықтарды ұстағаннан кейін, түнгі 2-ден кете Ақтауға бет алдық, - дейді «Нұрлы жол» шекара катерінің аға командирі Манарбек Нұрғазыұлы.
[embed]https://youtu.be/pGCD9YEMpFg[/embed]«Нұрлы жол» шекара катерінің командирі Олжас Алтынбекұлының айтуынша, қайықтағылар «Тоқта!» деген ескертулерге құлақ аспапты. Дегенмен, олар ұсталған кезде қарсылық танытпаған.
Күдіктілер өзімен бірге төлқұжатын ала шыққан, ал «Байда» қайығының құжаты болмай шықты. Олар Ақтау шекарашыларынан қашқан кезде көптеп аулаған балықтарын суға лақтырып үлгерген. Күдіктілердің айтуынша, «Байда» қайығының иесі Әзірбайжанда екен.
[embed]https://youtu.be/ZG8doeFr8FQ[/embed]- Біз ауды теңізден тауып алдық. Қармақты да теңізден қайыққа кіргіздік. Суда жүргенімізге 1 күндей болды, - деп ақталады әзірбайжандық.
Олардың сөзіне сенсек, «Байда» қайығының жолаушылары заңсыз балық аулауды көздемепті. Бір қызығы, қолдарында GPS құрылғысы бар әзірбайжандықтар Қазақстан шекарасынан өтіп кеткенін біле тұра, алға жылжып отырған.
Бұған дейін заңсыз балық аулауды көздеп, Қазақстан шекарасын бұзып өткен әзірбайжандықтар көп ұсталыпты. Алдағы уақытта күдіктілерге заң жүзінде жаза тағайындалады.
Айгүл ДӘДЕН Сурет, бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="50642,50643,50630,50637,50638,50636,50634,50633,50632,50631"]