Жуырда Мұнайлы ауданында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен жаңа жыл қарсаңында бірнеше шаралар өтті.
Қауымдастық өкілдері балаларға жаңажылдық қуаныш сыйлау мақсатында кеш өткізді. Оған ауданнан жағдайы төмен, мүжәлсіз отбасыларынан шыққан 200 бала қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Кешке Аяз ата мен Ақша қар бастаған жаңа жылдың кейіпкерлері балаларға арналған театрландырылған қойылымдарын қойды. Балаларды қуанышқа бөлеп, тартымдылығымен қызықтырған кеште облыстық мәжіліс депутаты, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәуле Бердіханқызы құттықтау сөз алып, балаларға жаңа жылдық тәттілер үлестірді.
Сонымен қатар, қауымдастық өкілдері Басқұдық ауылында ауыл ақсақалдарымен декездесті. Онда облыстық мәслихат депутаты Сәуле Бердіханқызы ауыл тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, халықтың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Ауыл ақсақалдары іскер әйелдерге ақ батасын беріп, тілектерін жаудырды.
Ал, Маңғыстау ауылында өткен кездесуде аудандық әйелдер қауымдастығының төрайымы болыппедагог-психолог маман Мая Жәудірханқызын сайланды.
Г. Тасболатова