Маңғыстаулық «Каспий» футзал клубының жас ойыншылары Нұркелді Абдулла және Мирас Мұрат футзалдан еліміздің U-19 (19 жасқа дейін) құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 жастарында спортқа келген Нұркелді мен Мирас 17 жастарында Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, ел намысын Әлемдік аренада қорғайтын болады.
Жас спортшылар футзал құрамасына алғаш рет шақырту алып отыр.