Сәуірдің 18-інен бері хабарсыз кеткен Кәмшат Керім үйіне оралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаменті қыздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екенін жеткізді, ол үйіне өзі оралған.
Еске сала кетейік, бұған дейін 24 жасар Кәмшат Керімнің 6 тәуліктен бері хабарсыз кеткені жайлы жазған едік. Маңғыстау облысы полиция департаменті жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.