© Сайт архивінен
Жеңіс күнінде ҰОС ардагерлеріне бірреттік материалдық төлем беріледі. Биыл Қазақстанда соғыс ардагерлеріне 3 833 $, яғни кемінде 1,5 млн теңге көлемінде көмек беріледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ал Тәжікстанда 2 300 $, Өзбекстанда 1 570 $, Беларусь 1 227 $, Әзербайжанда 1 176 $, Қырғызстанда 1 130 $, Грузияда 750 $ беріледі. Сонымен қатар Молдова 565 $ берсе, Ресей 107 $ бермек.
- Облыстардың, астананың мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне ҰОС ардагерлері үшін материалдық көмектің ең төменгі кепілдендірілген шегін 1,5 млн теңгеден кем емес мөлшерінде белгілеу ұсынылды. Нәтижесінде өңірдің көбінде біржолғы қаржылай төлемдердің мөлшері көрсетілген шамада белгіленген. Кейбір өңірлерде жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты төлемдер мөлшері көбірек болады. Бүгінгі таңда ҰОС ардагерлеріне төлемдер барлық өңірлерде жүргізілді. Қалған санаттар бойынша төлемдер 9 мамырға дейін аяқталады, - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Жалпы 1 мамырдағы жағдай бойынша елде Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады. Ал Маңғыстау облысында 2 ардагер - Ольга Заривняк, Василий Иванович бар.