Маңғыстау құрамасы қол күресінен өткен ел чемпионатында 2-орынға ие болды, mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Тараз қаласында қол күресінен өткен ел чемпионатында маңғыстаулық спортшылар командалық есепте жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Бұл сында Аружан Құрбанова, Гаухар Жанғазы, Көпжан Жүнбас өңір жеңімпаз атанды. Күміс жүлдеге Райан Романов пен Қасым Құлбош қол жеткізсе, қола медальді Дәулет Абдолла, Нурана Мұрымбаева, Сағадат Амантай, Аят Айтқалиев иеленді.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Сержан Төлеп, Дәурен Айшуак, Нуртуған Қожабаев, Берік Өтепберген, Төлеген Қобланов чемпион атаны. Бақберген Ақыбаев күміспен күптелсе, қола жүлдегер қатарынан Ақбөбек Іскендір, Ақылбек Данақұл, Даулет Дағыстан көрінді.
Өткен аптада жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен Қазақстан чемпионатында Азия және Әлем Чемпионатына қатысатын спортшылар іріктелді.
Іріктелген спортшылар сәуір айында Иран мемлекетінде өтетін Азия чемпионатында және тамыз айында Молдова мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ.