Қарағанды қаласында дзюдодан жастар арасында өткен ел чемпионатында маңғыстаулық Азат Күмісбай мен Жантілек Нұртілепұлы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
81 келіде татамиге шыққан Азат Күмісбай финалда жетісулық Нұрлан Сайлаубайды, ал +100 келіде Жантілек Нұртілепұлы астаналық Жасұлан Халхабаевты жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ, маңғыстаулық екі спортшы құрама қоржынына екі қола жүлде иеленді. Олардың арасында Қанат Әбітұлы 73 келіде және Гүлдана Теңелбаева +78 келіде үздіктер қатарын толықтырды.
2004-2006 жылы туған жастар арасындағы бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан барлығы 521 дзюдошы қатысқан болатын.