1-3 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласындағы «Қажымұқан» атындағы спорт сарайында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының кубогы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Аталмыш сайысқа еліміздің барлық аумағынан келген 300 ден астам спортшы қатысты. Сайыста Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ақтау қаласында орналасқан 3502 әскери бөлімінің қызметкері Дәулет Дарханда өз бағын сынаған болатын. Ерлер арасындағы 80кг салмағында күш сынасқан ұландық тек финалдық бәсекеде есе жіберіп, сайыс қорытындысы бойынша екінші орынға табан тіреді. Жарыс соныңда жүлделі орын алғандарға медальдар мен мақтау қағаздары табысталды.