© Bassport.kz
Маңғыстаулық дзюдошылар Грузия астанасында өтетін Grand Slam турниріне қатысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
66 келіде Сұңғат Жұбатқан пен 73 келіде Асқар Нарқұлов Тбилисиде белдеседі.
Бас бапкер Нұрбол Сүлейменов қос жерлесімізді алдағы жауапты жарысқа қосып отыр. Бұдан бөлек, 60 келіде Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов, 66 келіде Есет Қуанов, 73 келіде Бақытжан Әбдурахманов, 81 келіде Мәди Амангелді, 100 келіде Ислам Бозбаев, +100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай белдеседі.
Айта кететін жайт, 1,3 наурыз күндері Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде Асқар Нарқұлов пен Руслан Мұсаев сынға түскен болатын.