Маңғыстаулық балуан Майис Әлиев Бішкекте 19-21 сәуір күндері күрес түрлері бойынша Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысатын болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақпан айында ел чемпионатында олимпиадалық салмақта чемпион атанған жерлесіміз Қырғызстанда Париж Олимпиадасына жолдама беретін сында өз мүмкіндігін байқап көрмек.
Бұл жарыста еркін күрес бойынша Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Майис Әлиев (65 келі), Нұрғожа Қайпанов (74 келі), Әлішер Ерғали (97 келі), Юсуп Батырмырзаев (125 келі) жолдама үшін бозкілемге шығады.
Майис Әлиев ақпан айында Астанада өткен ел чемпионатында 65 келіде үздік шыққан болатын. Алда Маңғыстау балуаны жолдаманы иеленсе, шілде айында Франция астанасында басталатын Олимпиада Ойындарында белдесетін болады.