Ақтауда 6 шағынаудан тұрғыны 4 қабаттан «Miami» кафесінің күнқағар шатырына құлап түскен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Құтқарушылары автосаты орнатып, 2 қабаттағы 1988 жылы туған Л. есімді азаматты құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.
МО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәліметі бойынша, өткен аптада қаламызда 9 өрт, 37 жану жағдайы және 17 апатты құтқару жұмыстары тіркелген.
Бұдан бөлек, 2 шағынаудан тұрғыны үйінде қамалып қалған. Құтқарушылар пәтер терезесіне үш иінді саты орнатып кіріп, есікті ашқан. Пәтерде 51 жастағы ауру ер адам бары анықталды. Ол өз анасына тапсырылған.
Сондай-ақ 2 мамыр күні 28 шағынаудандағы 25 үйдің пәтерінде өрт шыққан. Пәтердегі инсульт ауруына шалдыққан қарт кісі құтқарылған. Құтқарушылар пәтерге таяқ саты арқылы кіріп, есікті ашқан. Ізінше қария жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.