© lada.kz
Каратеден Сауд Арабиясы құрамасын жаттықтыратын ақтаулық Ержан Қожаев шәкірттері әлем чемпионатында бір алтын және екі күміс медальға ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
26-30 қазан күндері аралығында Түркияның Кония қаласында 21 жасқа дейінгі және кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өткен болатын. Өз уақытында каратеден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы болған Қожаев Ержан үш ай ішінде Сауд Арабиясынан каратэшілерінен нәтиже шығарды. Бұл спорт үшін өте аз уақыт болып саналады.
Сауд Арабиясы спортшылары каратэден өз тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанып отыр. Осылайша қазақстандық бапкер арабтар үшін нағыз қаһарманға айналды.