«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде қыздар мен ерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті. Турнирге "Үздік спорттық оқу орны" атанған үш команда қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нәтижесінде Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі 1-орын алып, үздік атанды. 2-орынды «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі иелендіқ. Ал 3-орынды Маңғыстау туризм колледжі еншіледі.
Айта кетейік, турнир Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Ақтау студенттер Альянсы» ҚБ ұйымдастыруымен өтті.