Жарысқа әлемнің 13 елінен 200-ден астам спортшы қатысады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өзбекстаннан Азия самбо федерациясының президенті, Азия сот алқасының төрағасы Адилов Ислом, Үндістаннан - Азия федерациясының атқарушы директоры Суреш Гоппи, Қырғызстаннан - бас төреші Александр Ларионов, байқаудың бас хатшысы Мұфтулла Түменов сынды құрметті қонақтар мен төрешілер келеді.
Ертең, 7 қазан күні сағат 17:00-де Азия кубогының ашылу салтанаты өтеді. Дүбірлі дода 10 қазанға дейін жалғасады.