Колумбия астанасы Боготада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Алексей Чуркин Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальді салды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол 73 келі салмақта 343 (150+190) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды. Алтын және күміс медаль Индонезия өкілдері Фрахмат Абдулла – 352 келі (152+200) мен Ризки Джуниясьяға – 347 келі (155+192) бұйырды.
Ауыр атлетикадан биылғы Әлем Чемпионатында Қазақстан намысын 13 спортшы қорғауда.