16-18 желтоқсан күндері Семей Сқаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасында Қабанбайдың 330 жылдығына арналған Қазақстан кубогы болып өтті. Аталған дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 400-дің үстінде самбошы қатысып, Абай елін үш күн дүбірге болады.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні байрақты бәсекенің ашылу салтанаты өтіп, Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Халықаралық Қабанбай батыр қорының президенті Құсман Шалабаев және республикалық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының бас хатшысы Ерназар Бексұлтановтар қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қабанбай мемориалының ашылу салтанатында Қазақстандық жауынгерлік өнер ассоциациясының қолдауымен Қазақстан самбо федерациясы тарапынан Абай облысының самбошыларына жаңа күрес кілемі табыс етілді. Жалпы, мұндай күрес кілемдері бұған дейін 10 облысқа берілген болатын. Атап айтсақ олардың қатарында Шымкент қаласы, Қарағанды, Павлодар, СҚО, Қостанай, Жамбыл және Жетісу облыстары бар. Самбошылардың атынан Қазақстандық жауынгерлік өнер ассоциациясына, "Самұрық Қазына", спорттық қорына, "Казминералс" компаниясына және республикалық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясына алғыс айтамыз.
Үш күнге созылған дүбірлі додада нағыз мықтылар топ жарды. Сіздердің назарларыңызға Қазақстан кубогының жеңімпаздарының тізімін ұсынып отырмыз:
Спорттық самбо, ерлер:
53 келі - Айбек Калимов (Алматы облысы)
58 келі - Жасұлан Нариманов (Астана қаласы)
64 келі - Төлеген Нұрғалиев (Абай облысы)
71 келі - Мақсат Бақытов (Қызылорда облысы)
79 келі - Аслан Тәжіков (Ақтөбе облысы)
88 келі - Әлішер Мағзом (Атырау облысы)
98 келі - Ақсұңқар Нұрекеев (Ұлытау облысы)
+98 келі - Арсен Сәкен (Ақтөбе облысы)
Спорттық самбо. Әйелдер:
50 келі - Маргарита Бажаева (Қарағанды облысы)
54 келі - Айгерім Телемгенова (БҚО)
59 келі - Маржан Бизақ (Шымкент қаласы)
65 келі - Зарина Сарипова (Абай облысы)
72 келі - Риза Сүлейменова (БҚО)
80 келі - Аяла Мереке (Ақтөбе облысы)
+80 келі - Анар Сейтімова (Ақтөбе облысы)
Жауынгерлік самбо:
53 келі - Абылайхан Мейрамбекұлы (Атырау облысы)
58 келі - Айсұлтан Елеусін (Атырау облысы)
64 келі - Мәлік Байсұлтанов (Қостанай облысы)
71 келі - Дәурен Дәкенов (Абай облысы)
79 келі - Ахмат Бабаоев (Алматы облысы)
88 келі - Бибарыс Байқоңыс (Алматы қаласы)
98 келі - Асқар Абдулла (Қостанай облысы)
+98 келі - Мәди Досмұхамбетов (Жетісу облысы)
Сонымен қатар командалық сайыстар да өтіп, жеңімпаздар белгілі болды. Командалық сында спорттық және жауынгерлік самбодан Абай облысы топ жарса, әйелдер арасында Түркістан облысының қыздары қарсыластарынан басым түсті.
Осылайша Қазақ самбошылары биылғы жылды қорытындылады. Келер жылы өтетін халықаралық додаларда самбошыларымыз ел намысын абыроймен қорғайды деп сенім артамыз.