Жаңаөзен қаласындағы №5 мектеп- гимназияда орналасқан №75 сайлау учаскесіне таңертеңнен бері үлкенді-кіші тұрғындар келіп, өз дауыстарын беруде. Саяси науқаннан қалыс қалмай, ел болашағы үшін дауыс беруге келгендердің бірі - NFC чемпионы Ералы Абдыров.
Сайлау - Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі деп санайтын Ералы өз таңдауын жасау үшін 19 наурызды асыға күткен.
Ералы қаламыздың мәртебесін көтеріп, спорттық қарым-қабілеті арқылы қала атын танытуға зор үлес қосып жүрген спортшы. Оның бүгінге күнге дейін жеткен жетістігі аз емес. Мәселен, 2015 жылы кудодан Қазақстан чемпионы, 2016 жылы Азия чемпионы, ММА спортынан Қазақстан чемпионы атанған. 2018 жылы Халықаралық турнирде ересектер арасында 71 келі салмақ дәрежесінде NFS (найза файтер чемпионшип) белбеуінің Гран-при иегері атағын жеңіп алған.
Сайлау — өз учаскеңе барып, бір параққа белгі қою емес, елдің болашағына алаңдап, оның дамуына үлес қосу. Жаңа Қазақстанның болашағына дауыс бердім. Қазақстан жастардың қолында деп сенемін.
Дауыс беру – әр азаматтың парызы. Сондықтан қала тұрғындарын осы сайлауға белсенді қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырамын, -дейді Ералы Абдыров.