Ел үшін айтулы күні сайлауға барлық ел азаматтарымен қатар Отан алдында борышын өтеп жүрген әскерилер де қатысып жатыр.
ҚР Ұлттық ұланының 6656 әскери бөлімінде сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Сағат 06.00-ден бастап сарбаздар дауыс беру учаскесіне келе бастады. Алғашқы жеті дауыс берушіге ұлы жазушы Әбіш Кекілбаев туралы кітап сыйға тартылды. Сайлау күні ефрейтор Алпамыс Нұрлыбекұлы алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол әскери қызметке Ақтөбеден келген және әскери қызметшілерге дауыс беруге мүмкіндік берілгеніне қуанышты.
- Бүгін мен үйден тыс жерде дауыс беремін. Үй дегеніміз не? Еліміздің әрбір азаматы үшін - Қазақстан ортақ үй. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың міндеті - ортақ үйіміздің өркендеуі мен дамуына үлес қосу, біз үшін және балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы, - дейді Алпамыс Нұрлыбекұлы.
Айта кеткен жөн, 6656 әскери бөлімде 370 әскери қызметші дауыс берді.