Ақтауда «Достық үйінде» бизнес-коуч Арман Ақбердиевтің арнайы тренигі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спикер «Питчинг, өз идеяңызды үш минутта қалай сатуға болады атты тренинг өткізіп, оған Маңғыстау облысынан бизнес идеяларға грант алуды жоспарлап отырған кәсіпкерлер қатысты.
Арман Ақбердиев FMCG, сатуды басқару, маркетинг және PR-да 10 жылдан астам тәжірибесі бар, сонымен қатар ол әртүрлі компанияларға кеңес беру қызметтерін ұсынады. Ол бұл сабағында кәсіпкерлерге бизнесті нөлден бастап жүргізуге және оны аймақтардың жетекші компаниялары деңгейіне дейін дамытудың жолын ұсынды. Семинарға қатысушылар 4P, 5Р маркетинг түрлері, маркетинг-микс және жиынтық талдау туралы мәлімет алып, бизнес идеяны қалай ұсынуға болатыны туралы мол мәліметке қанықты.
Сонымен бірге, жаңа стартап-жобаны іске қосу үшін өз орнын тауып, маркетингтік тактика мен стратегияны дұрыс пайдалану өте маңызды екенін де ерекше атап өтті.
Жалпы, бизнестегі маркетинг – микс 4Р дегеніміз – компания клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және бәсекелестерге қатысты ерекше артықшылықтар жасау үшін пайдаланатын басқарылатын маркетингтік айнымалы факторлардың жиынтығы. Бұл ретте Арман Ақбердиев 4P маркетингтік жоспары (өнім, баға, орын, жарнама) туралы, сондай-ақ 4P әр элементі қандай сұрақтарға жауап беретіні туралы толық ақпарат берді.
Тренинг барысында модельдік ойындардағы сатуды кәсіпкерлер үйренді Оның ішінде қалай, кімге сату керек, өнімді қалай жылжыту керек және маркетинг тек әдемі суреттер мен есте қаларлық жарнамалық ұрандар емес деген қорытындыға тоқталды.