• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Неміс университеттерімен нысаналы мақсатымызға нық қадам жасадық

    [ 2023 ] 1 сәуір, 14:43  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Бір аптадан бері Германияда іссапарда жүрміз. Күнделікті жұмыстарымыз бен кездесулеріміз және келісімдеріміз туралы әлеуметтік желілердегі парақшамызда жазып жүрміз. Газеттер мен сайттарда шағын ақпараттар жарияланып жатыр. Ала енді апталық сапарымызды қорытындылап, жаңалықтарымызды жалпылама жариялауды жөн көрдік.

    Осы оқу жылының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Үкіметімен кездесуінде неміс инвестициясы үшін барлық қолайлы жағдай жасайтынын айтты: «Қазақстанның Еуропа Одағындағы ең маңызды серіктесі Германия капиталының үлесі бар 600-ден астам кәсіпорын елімізде табысты жұмыс істеп жатыр. Сауда-саттықты арттырып, инвестиция көлемін ұлғайту үшін мол әлеует бар, – деді.

    Сонымен қатар Германияның техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлау тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Отандық мамандарымыздың кәсіби деңгейін көтеру үшін Германияның техникалық институттары өкілдіктерін, зертханаларын, ғылыми және құзырет орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанымызды атап өтті.

    Президентіміздің 2025 жылдың соңына дейін елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырған болатын. Осы мақсатта Қазақстан-Неміс университеті (DKU) және Yessenov University бірлескен бастамасымен Ақтау қаласында «German Institute of Engineering» атты институттың ашылуы жоспарланды. Неміс университеттер консорциумы аясында ашылатын жаңа институт Маңғыстау өңірінде техникалық өнеркәсіптің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

    Аталмыш институтта энергия, қоршаған орта және жер, логистикалық ағын жүйелері, озық инженерия, мұнай-химия, ақпараттық технологиялар және цифрландыру сияқты басым салалардағы жоғары инженерлік білім беру үшін неміс стандарттары енгізіледі.

    Біріккен инженерлік институттың ұйымдық құрылымын жасақтадық. Сонымен қатар, тереңдетілген бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларының портфолиосын дайындадық.

    Қазақстан-Неміс инженерлік институты ашыла салысымен Вильдау техникалық университеті, Гамбург техникалық университеті, Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті, Берлин техникалық университеті, Берлин еркін университеті сияқты Германиняның жетекші ЖОО-мен 8 бакалавриат және 6 магистратура бойынша қосдиплом мен үшдипломды білім бағдарламаларын іске асыруды жоспарлап отыр.

    Биылғы қыркүйектен бастап бакалавриат деңгейінде Германиядағы Вильдау техникалық университетімен бірлесіп логистика мамандығы, Гамбург техникалық университетімен энергетика және экологиялық инжиниринг мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 60 студент қабылдауды көздеп отырмыз. Бұл институттың түлектері «Svevind group» компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

    «Svevind group» 2025 жылы Маңғыстау облысында Жасыл сутегін өндіретін зауыттың құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Қуаты 30-40 ГВт күн және жел қондырғылары 20 ГВт электролизді қуаттайды.

    Біз бұл іссапарымызда Есенов университетіндегі жаңа бастаманы жүзеге асыру мақсатында маңызды межені ойдағыдай аяқтадық. Мәселен, Гамбург техникалық университеті және Вильдау техникалық университетімен алғашқы үшжақты келісімдерімізді жасадық. Анхальт қолданбалы ғылымдар университетімен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық.

    Тағы бір жағымды жаңалығымыз – Халықаралық бағдарламар орталығының «500 ғалым» жобасы аясында университетіміздің 12 ғалымы Гамбург техникалық университеті, Берлин техникалық университеті және Анхальт қолданбалы ғылымдар университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өту мақсатында байқауға құжаттарын тапсырды.

    Германияның жетекші университеттерімен орнатылған ынтымақтастық Маңғыстау өңіріндегі Қазақстан-Неміс инжиниринг институтының жұмысына қосымша серпін береді. Біздің бұл келісімдеріміз алдын ала рәсімделген меморандум құжаттарына қол қою ғана емес, серіктестіктің барлық қағидаларын қатаң сақтауды қажет ететін жүйелі жұмыстар бойынша жоспарланған. Ортақ бағдарламамыздың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржыландыруға неміс үкіметі де мүдделі екеніне анық көз жеткіздік. Осылайша отанымызға олжалы оралғалы отырмыз.

    Берік АХМЕТОВ,

    Yessenov University президенті.

    Германия, Берлин

    645
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда жол апатынан кейін көлік өртенді

    Келесі жаңалық

    Ақтауда кәсіпкерлерге грант иеленуді үйрету туралы арнайы тренинг өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        СаясатТағайындауРедакция ұжымыБейнеуҚұқықАуыл өміріАудан тынысыЖаңалықтарӘдебиетАнықтама бюросыСараптама

      Автордың басқа да жазбалары

      Франция Ақтау теңіз портының инфрақұрылымына инвестиция салу нұсқаларын қарастырып жатыр

      6 қараша, 10:04
      316

      Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты

      4 қараша, 10:06
      1924

      Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға келісті

      4 қараша, 09:51
      413

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      841

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      646

      Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      658

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»