Түпқарағандық дзюдошы Азат Күмісбай Польшадағы Познан қаласында өткен жастар арасындағы Еуропа кубогінде жеңіске жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz “Ақкетік арайы” газетіне сілтеме беріп.
21 елден спортшылар қатысқан әлемдік жарыста Азат ұпай жинау арқылы рейтінгті жаңартты. 81кг салмақта 21 елден 48 дзюдошы арасынан Азат Күмісбай чемпион атанды.
Айта кетейік, түпқарағандық Азат Күмісбай "Aq-Ketık sports" спорт клубында жаттығады. Бапкері - Тоғжан Қуанова.